Қырғызстанда мұғалім мектеп ауласында асылып өлді. Бұл ақпаратты Бішкектегі Октябрь ауданының ішкі істер басқармасы өкілдері растады, деп хабарлайды halyq-uni.kz агенттігі.

5 шілдеде Бішкектегі №17 мектеп-гимназиясының ауласынан хореография пәнінің мұғалімі болған ер адам өлі табылды.

ІІБ өкілдерінің айтуынша, ер адам мектептің кіреберісінде өз-өзіне қол жұмсаған.

«37 жастағы А.Е-нің денесін қарау кезінде жарақаттар табылмады. Бұл дерек Октябрь аудандық ішкі істер басқармасының ақпараттық реестріне тіркеліп, тергеуалды тексеру басталды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», — делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!