Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығында мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.
Педогогтерге арналған семинардың мақсаты қазіргі заманға сай жаңашыл білім беру әдістерімен танысып, оларға STEM және жасанды интеллект саласындағы білімдерді оқытуда тиімді пайдалану жолдарын көрсету.Курс «STEM және жасанды интеллект – білім берудегі интеграцияланған модель» бағдарламасы бойынша 72 сағаттық ақылы негізде ұйымдастырылды.
Курсты университеттің «Физика және математика» білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Сәулеш Менлихожаева, аға оқытушы, PhD Гүлзат Енсебаева және «Республикалық STEM тренер» сертификатының иегері Ақжан Ахатай жүргізді.
Курсқа қала және аудан мектептерінің, атап айтқанда, М. Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп-лицей, «Orda school» жеке мектебі, №290 орта мектебі, Әли Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицей, «№148 орта мектебі» КММ, Шиелі ауданы, «Baiterek school» жеке мектебі жанындағы «DARYNDY» балаларға арналған мектеп-интернаты, «Q STEM» мектебі, «Ұлағат білім ордасы» жеке жалпы білім беру мекемесі, «Мансап» мектебі, Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебі, Б. Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия, Қазалы ауданы, Т. Рысқұлов атындағы №222 орта мектеп, ЖШС «Сыр білімі» жайлы мектебі, «Зерде» жеке мектебі және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің магистранттары қатысты.
Семинардың соңы «STEM және жасанды интеллект – білім берудегі интеграцияланған модель» атты семинар-практикуммен қорытындыланып, қастысқан мұғалімдерге сертификаттар табысталды.
Фото және дереккөз: Қорқыта атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!