Сыныптарда интерактивті панельдерді қолдану жоспарланып отыр.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқулықтарын планшеттерге ауыстыру туралы пікірінен айнып қалғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бізге ұсыныс жасау тапсырылғандықтан, біз оны тұжырымдап, оқулықтың орнына планшет қолдануды ұсындық. Бірақ салалық министрлік – Оқу-ағарту министрлігі бұл мәселемен айналысып, қазір инновацияны енгізудің басқа әдісін ұсынып отыр. Олардың әдісі басқа, пікірі бөлек. Біз олардың пікіріне сүйенеміз», – деді министр.

Министрдің айтуынша, сыныптарда интерактивті панельдерді қолдану жоспарланып отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!