Фото: kzvesti.kz

Мектептің адамзат баласына беретіні көп екен. Он бір жыл бойы кез келген адам өзіне жақын достар, өзі жайлы сезінетін орта және болашақ үлкен өмірге тәжірибе жинап, білім алып, жарқын келешегінің іргетасын қалайды екен. Ортамен, адамдармен қалай қарым қатынас жасауды да мектептен үйреніппіз.

Білім ордасында ең қызықты сәттер сыныптастармен байланысты. Мысалы, кейбір сабақтарды орындамай, төмен баға алғанымыз немесе ара-тұра сабаққа барғымыз келмейтіні, т.с.с. бәрі-бәрі жылы естелік болып қалатынына сенімдімін. Ал ұстаздарымыз шәкірт бойына бар білгенін үйрете отырып, өз өмірін оқушының болашағына арнап келеді. Мектеп қабырғасында өткен әрбір күн, аяулы мұғалімдеріміздің қырық бес минут сабағы балалық шағымның естен кетпес уақыты болып қала бермек. Се ебі біз үшін, түлектер үшін мектептің соңғы қоңырауы соғылды. Мектеппен қоштасу – балалықпен қоштасу екен.

Өміріміздің ең керемет уақытының қоңырауы соғылды, достар!

Айжан ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
И.Құтпанұлы атындағы ЖББОМ
11-сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!