Талғар ауданындағы №3 орта мектепке бомба қойылғаны туралы келіп түскен ақпаратқа байланысты білім ордасынан 1000 оқушы эвакуацияланды.
Жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабарлама мектептің электронды поштасына сағат 15:00 келіп түсті, деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен саперлар шұғыл аттанды.
«Қазіргі уақытта саперлер ғимаратта жарылғыш заттардың бар-жоғын тексеру үшін арнайы операция жүргізуде,– делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!