Фото: ru.freepik.com

Тамыз айынның соңғы күндері мектепке барлық қажетті затты сатып алып қана қоймай, оған психологиялық тұрғыда дайын болу маңызды. Бала күйзеліске түспес үшін ата-аналар қандай қателіктер жібермеу керегін ұсынамыз, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мектепке дайындалу кезінде ата-аналар жиі мынадай қателіктер жібереді:

  1. Жиналу және ұйымдастыру жауапкершілігін баланың мойнына іліп қою;
  2. Баланы түрлі үйірмелерге жазып қою. Демалуға және тұлғалық дамуға уақыт қалдыру маңызды;
  3. Жағымсыз мотивацияны қолдану: баланы мектеппен қорқыту, мұғалімдер мен сабақтарды жағымсыз тұста еске алу, нашар бағалар жайлы айту;
  4. Басқа балалармен салыстыру. Бұл балада сенімсіздік сезімін қалыптастыруы мүмкін;
  5. Баланың мектеп жайлы әңгімелеріне қызығушылық танытпау және оның проблемаларын талқыламау;
  6. Киімдерді, үйірмелерді немесе достарды таңдау еркін шектеу;
  7. Баладан көп нәрсе күту, оның алдына мүмкін емес мақсаттар қою;
  8. Мектепті жазаға айналдыру, мектепті балаға жағымсыз және қызық емес жер ретінде қабылдауына ықпал ету;
  9. Баланы мұғалімді сөзсіз тыңдауға мәжбүрлеу, оның сыни ойлауын және сұрақтар қойғысы келетін ниетін басып тастау;
  10. Баланы сабақтағы жетістігі үшін ғана жақсы көру.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!