Осыған байланысты 26 ұсыным енгізілді.

Мектепте жұмыс істемейтін 41 адамға 90 млн теңге жалақы аударылған, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Агенттіктің Атырау облыстық департаменті Превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражановтың айтуынша, білім саласында сыбайлас жемқорлық бар.

Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа сыртқы талдау жүргізілді. Нәтижесінде, 10-ға жуық дерек анықталды. Осыған байланысты 26 ұсыным енгізілді. Атырау облысындағы 12 мектепте іс жүзінде жұмыс істемейтін 41 адамға жалақы аударылған. Шамамен 90 млн теңге шығын келген, – дейді Жәнібек Қаражанов.

sn

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!