«Мансап» мектебінде дәстүрлі жәрмеңке өтті. Мақсат – оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру.
Жәрмеңкеге 1-11 сынып аралығындағы оқушылар қатысты. Оқушылар қазақ, ұйғыр, корей асханаларының тағамдарын өз қолымен дайындап әкелді. Сондай-ақ ата-ана тарапынан да қолдау болды. Тағамдардың тіл үйірерлік дәмін көрген мектеп ұжымы мен ата-аналар бар ассортименттегі тағамдарды сатып алды. Бұл шара барлық санитарлық талаптарға сай өткізілді. Яғни, тамақтан уланудың алдын алу мақсатында май, кілегей, және ет қосылған тағамдар сатылымда болмады. Жәрмеңке барысында көңілді кеш ұйымдастырылды.

Диана ҰЛАНБЕКҚЫЗЫ,
«Мансап» мектебінің оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!