Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін, 17 қаңтарда сағат 08:15-те Жаңаөзен қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы No19 орта мектептің екінші қабатында болған. Бұл туралы el.kz ақпарат агенттігі хабарлайды
Ток сымдарындағы қысқа тұйықталу салдарынан өрт шықты. Өрт одан әрі жанған жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге бес техника мен 25 қызметкер жұмылдырылды,- деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Айта кетейік, өртті сөндіру үшін бес техника мен 25 қызметкер жұмылдырылған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!