Білім мекемесінің 2-қабат терезесінен мектеп оқушыларына арналған кітаптарды лақтырғандар шошытты. Онда музыка, қазақ тілі, жаратылыстану, ағылшын тілі, өзін-өзі тану пәндерінің оқулықтары бар, деп хабарлайды Экспресс К.
Оқулықтарды лақтырып жатқан сәттің видеосын ТікТок қолданушысы жариялады. Автордың мәліметінше, бұл кітаптардың мерзімі өтіп кеткен.
Дегенмен желі қолданушылары рухани азық беретін құндылықтарды бұлай лақтыру дұрыс еместігін жарыса жазды. Енді бірі кітапқа деген мұндай қарым-қатынасты түсінбей дал болды.
«Мектепте қанша жылдан бері жұмыс істедім. Бірақ оқулықты бұлай лақтыруды алғаш рет көруім», «Неге лақтырып жатыр?», «Қалай мерзімі өтеді? Біздің балалар осы кітаптарды оқып жатқан жоқ па?», «Мынаны түсіндіріп беретін адам бар ма? Кітап жарамсыз болған күннің өзінде арнайы акт түзіп, макулатураға жібереді. Неге бұлай жасап жатыр?», «Кітаптың құндылығы қалмапты, өкінішті», «Бұл кітаптарды мемлекет шығарды. Ал кейбір ата-ана оқулықты өздері сатып алуға мәжбүр» деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, бұл еліміздің қай өңіріндегі мектепте болғаны туралы әзірге белгісіз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!