Оралда ескі әуежай ауданында орналасқан №47 «Бәйтерек» балабақшасына баратын балалардың ата-аналары наразылық білдірді. Олар прокуратураға және БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне тамақтың сапасы бойынша шағымданса да, еш өзгеріс жоқ екенін айтады.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

25 қыркүйекте ата-аналар балаларын балабақшаға әкелгенде, адам төзгісіз жағымсыз иісті сезген. Ананың айтуынша, ас үйдегі кастрюльде «көк түсті сорпа» қайнап жатқан.

«Бәйтерек» бақшасының меңгерушісі Тоян Мұқатова мұндай жағдай алғаш рет болғанын айтты.

«Бүгін таңертең балабақшаға келіп, иісті сездім. Ас үйге бардым да, етті қойып, жұмыртқаны сақтайтын тоңазытқышқа жібіттім. Бұл тоңазытқыш әлсіз салқындатады. Аспаз оны пісірмек болған. Олармен сөйлестім, түсініктеме алдым, қоймашыға және барлық аспаздарға сөгіс бердім. Кейінірек өнімдердің бүлінуі туралы акт жасалды. 30 келіге жуық ет бұзылып кеткен», – деді Мұқатова.

Тәрбиеленушінің анасы Сәуле Имашева бүлінген өнімдер балаларға берілгенін айтады.

«Сенбіде баламның дене қызуы көтеріліп, түспей қойды. Іші өтіп, әлсіздік пайда болды», – дейді баланың анасы.

Бұған басшылық қазір аймақта диарея мен құсумен жүретін инфекция таралып жатқанын айтты.

Ата-аналар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жүгінген кезде, оларға бала уланған жағдайда ғана тексеру жүргізілетінін айтқан.

Ата-аналар тамақтың сапасына разы емес. Айтуларынша,  балаларға айранды тек стақанның түбіне қойып береді, ал тұтас бананның орнына үштен бірін ғана береді, ал нан майсыз беріледі. Балалар үйге аш келеді екен.

Меңгеруші балабақшаға 420 бала келетінін айтты. Үлкен топқа бару үшін ата-аналар айына 18 мың теңге, кіші топқа 16 мың теңге төлейді.

Шағымданғандар меңгерушіні, балабақша дәрігерін, бухгалтерді және аспазды қызметінен босатуды талап етуде.

Орал білім басқармасы ведомство қызметкерлері тексеру жүргізілетінін мәлімдеді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!