фото: freepik

Қазақстанда 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Комиссия құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, білім беру саласы кәсіподақтары, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жоғары оқу орындары қауымдастығы мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері кірді. Жиын барысында талапкерлердің өтініштері қаралып, гранттар қолданыстағы ережелер мен конкурс тәртібіне сәйкес бөлінді.

Биыл жоғары оқу орындарына түсу үшін шамамен 113 мың талапкер өтініш білдірген.

Ең сұранысқа ие бағыттар – педагогикалық ғылымдар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Грант иегерлерінің тізімі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Талапкерлерді жоғары оқу орындарына қабылдау 2025 жылғы 25 тамызға дейін аяқталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!