Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 285 студенті «Менің бауырым» ұлттық жобасына қатысты. Іс-шарада университеттің Басқарма мүшесі – Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай, «Өркен» балалардың әл ауқатты арттыру ұлттық ғылыми практикалық институтының вице-президенті Гүлнар Балғабаева сөз сөйлеп, еріктілерді жобаның мақсатымен таныстырды.
Сонымен қатар, еріктілер Оқу-ағарту министрлігінен келген білікті тренерлерден мәдени, спорт, білім беру, салауатты өмір салты, бұзақылықпен күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық білім беру, IT сауаттылығы т.б. салалары бойынша білім алды. Одан әрі еріктілер қамқорлық пен мейірімге толы өз жобаларын ұсынып, қала мектептеріндегі тәрбие шараларына атсалысатын болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!