Барлық көрсетілген мекен-жайға ақпаратты тексеру үшін арнайы қызмет жіберілді.

Бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама бір уақытта түскен, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Полиция, төтенше жағдайлар департаменті және қаланың басқа да жедел-құтқару қызметтерінің мамандары Алматының сегіз мектебіне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр.

Хабарлама 26 мамырда таңертең түскен. Барлық көрсетілген мекен-жайға ақпаратты тексеру үшін арнайы қызмет жіберілді.

«Қазіргі уақытта қаланың жедел қызметтері бірқатар жалпы білім беретін оқу орнын тексеріп жатыр. Ғимараттағы адамдарды эвакуация жасамай-ақ саперлік бөлімшелер комиссиялық тексеру жүргізеді», – деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ полицейлер Алматы қаласының тұрғындарына бұл жағдайға түсіністікпен қарауды және жалған ақпарат таратпауды сұрады.
 Фото: pixabay

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!