Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев елімізде мектеп оқушылары арасында зорлық-зомбылық пен өлім-жітім оқиғаларының көбеюі туралы пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министр өзінің Facebook парақшасында зорлық-зомбылық фактілері мектеп жасындағы жасөспірімдер арасында жиілеп кеткенін атап өтті.
“Соңғы жылдары мектеп оқушылары арасында зорлық-зомбылық, әлімжеттік көбейген.Түркістан, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында орын алған оқиға ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Алматы облысында соңғы рет екі бала қайтыс болды. Мен қайғылы оқиға болған отбасына шын жүректен көңіл айтамын»,- деді министр.
Бейсембаев әлімжеттікке жол беруге болмайтынын алға тартты. Ол үшін қоғам болып жұмылдыруымыз керек екенін жеткізді.
«Тәрбие жұмысы мен ата-аналар қауымымен өзара іс-қимылды күшейту жөнінде тапсырма бердім. Біз Ішкі істер министрімен және әкімдікпен байланыстамыз. Құқық қорғау органдары оқиға орнында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, комиссия жұмыс істеуде»,- деп қосты ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!