Оқу-ағарту министрі мектеп оқушыларын 9-сыныптан кейін колледжге кетуге мәжбүрлеу заңсыз екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Министр Ғани Бейсембаевтың айтуынша, ешқандай «мектеп рейтингі» деген түсінік жоқ, ал мектеп оқушыларын тоғызыншы сыныптан кейін кетуге мәжбүрлеу заңсыз.
«Еске салғым келеді, оқу-ағарту министрлігі тарапынан мектептер мен мұғалімдердің рейтингі жоқ. Алайда кейбір жекелеген мектептерде белгісіз рейтингтер туралы сөз болып жатады. Осыған байланысты кейбір мектептерде білім беру ұйымдарының рейтингі үшін оқушыларды өз қалауынсыз колледждерге ауысуға мәжбүрлеу фактілері орын алып жатқаны белгілі болды», – деді министр.
Ғани Бейсембаев барлық білім бөлімдері мен мектеп әкімшіліктеріне бұл мәселені бақылауға алуды тапсырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!