Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім басқармалары мен республикалық ұйымдардың басшыларымен жаңа оқу жылына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның Телеграм-арнасының жазуынша, б арлық өңірдің білім басқармалары басшыларының есептері тыңдалды, олар бес күндік оқытуға көшу және педагогтердің жұмыс тәртібі, сондай-ақ сыныптарды жинақтау, тариф және педагогтердің сағат жүктемесі туралы баяндады.

Сонымен қатар өңір әкімдіктерінің мектептердегі жөндеу жұмыстарын аяқтауы, оқулықтарды жеткізу, мектеп формасын сатып алу үшін «Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясында мұқтаж отбасыларға көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Білім басқармаларына былтыр бір немесе бірнеше мөлшерлемемен жұмыс істеген барлық мұғалімді қажетті оқу жүктемесімен қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ 23 тамызға дейін «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан көмек алатын барлық 475 мың азаматтың банктегі шотына қаржыны аудару және осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап үш ауысымда жұмыс істейтін педагогтерді қоспағанда, барлық мұғалімнің бес күндік жұмыс аптасына көшуін қамтамасыз етуге қатысты тапсырма берілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!