Биыл мектептер мен колледждерде оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сәйкес бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылдың 26 мамыры мен 17 маусым аралығында жазғы мектеп ұйымдастырылады. Ал емтихандар алдын ала бекітілген кестеге сәйкес өтеді. Жазғы демалыс 1 қыркүйекке дейін созылады. 

Айта кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда жазғы мектептің міндетті болмайтынын мәлімдеген еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!