kazbilim.kz

Қазақстандағы орта білім беру жүйесін отарсыздандыру мәселелері бойынша ұлттық мектеп жобасының авторы, химия ғылымдары бойынша PhD докторанты, Астана  қаласындағы Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназия директоры Аятжан Ахметжан білім мазмұнына қатысты өзінің ұсыныстарын айтты. Ол бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Бағдарламалар жұмыс тобындағы

жұмысқа байланысты әріптестерімнің сұрақтары туып жатыр.

Қазірге нақты бірдеме айтуға әлі ерте…

Білім мазмұны сапалы болуы үшін сатылы жұмыс ретімен және сапалы болуы керек. Яғни:

Бірінші, мемлекетті стандарт;
Екінші, үлгілік оқу жоспары;
Үшінші, оқу пәні бағдарламасы;
Төртінші, пән бағдарламасына сүйеніп жазылған оқулық;

Бесінші, оқу бағдарламасы мен оқулыққа негізделген әдістемелік жасалуы қажет.

Және осының бәрінде автордың бірінші жұмысы осыны сапалы жасау болуы қажет, өзге жұмыспен қоса атқарып жүріп жасамауы қажет!

Егер осы реттің біреуінің орны алмасса, ешқашан білім мазмұны сапалы болмайды. Бір қадам толық біткесін ғана екінші қадамға өту керек!

Министрлік осыны түсінген күні ғана бізде білім сапасы туралы әңгіме айтуға болады. Әйтпесе оған дейін бәрі ертегі…» — деп жазды Аятжан Ахметжан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!