Мүмкіндігі мол білім ордасы

2020 жылы қайта құрылған «Инжиниринг және логистика» кафедрасы Бүгінгі күні бакалавриаттыңкелесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды: 6B07102 «Электр энергетикасы»,  6B07202 «Мұнай-газ ісі», 6B07301 «Құрылыс», 6B11301 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру».

Аталған білім беру бағдарламалары бойынша бітірушілер мамандық бойынша кең ауқымда жұмыс атқара алады. 

Атап айтқанда, «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша бітірушілер электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну кәсіпорындарында, «Мұнай газ ісі» білім беру бағдарламасы бойынша бітірушілер қандай меншікте болмасын мұнай-газ кешендерінде, «Құрылыс» білім беру бағдарламасы бойынша бітірушілер құрылысты жобалау және салу ұйымдарында, «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы бойынша бітірушілер көлік техникасын пайдалануды жүзеге асыратын көліктік-экспедициялық кәсіпорындар мен ұйымдарда, сол сияқты  салалық ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелерінде, түрлі мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істей алады.

Оқу күндізгі және күндізгі қысқартылған нысандары бойынша жүргізіледі.

Кафедраның  профессор – оқытушылар құрамында 24 оқытушы бар. Оның ішінде: 1 ғылым докторы, профессор; 8 ғылым кандидаты,доценттер;  6 ғылым магистрлері, аға оқытушылар; 9 аға оқытушы, инженер-мамандар бар.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстары білім беру бағдарламаларын, оқу жұмыс жоспарларын, элективті пәндер каталогтарын дайындау,  жұмыс оқу бағдарламалары және пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу т.б. жұмыстарды қамтиды. Кафедрадағы әдістемелік жұмыс университеттің академиялық саясатына сәйкес жүзеге асырылады. 

Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыты Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатының басым бағыттарына, ҚР Ғж ЖБМ ұсынымдарына сәйкес келеді.

Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары: 

1. Жергілікті шикізат ресурстары негізінде құрылыс материалдарының технологияларын жасау;

2. Мұнай кен орындарында мұнай өндіру технологиясы бойынша зерттеулер жүргізу.

3. Қызылорда облысы аумағында ауыл шаруашылығын механикаландыру бойынша зерттеулер жүргізу ​

Кафедра Республикамыздағы, ТМД мемлекеттеріндегі және алыс шет елдердегіғылыми-зерттеу орталықтарымен және университеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлықты дамыту, жоғары оқу орындары арасында білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының тәжірибе алмасуын жүзеге асыру мақсатында Ресей Федерациясының Уфамемлекеттік мұнай техникалық университетімен, Самара мемлекеттік сәулет-құрылыс университетімен және  Циндао (ҚХР) қаласындағы мұнай университетімен меморандум жасалды, сонымен қатар еліміздің жетекші оқу орындарымен байланыс орнатылған. Олардың қатарында Халықаралық білім беру корпорациясы (Алматы); Л.Н.Гумилев  атындағы Евразия Ұлттық Университеті (Астана); Жәңгір Хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті (Орал); М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және т.б. бар

Білім беру бағдарламаларын жасау, элективті пәндер каталогын жасақтау, оқу процесін жүргізу өндіріс орындарымен тығыз байланыста, кәсібимамандарының қатысуымен жүзеге асырылады. Өндіріс мекемелерінде студенттер оқу-өндірістік практикадан өтеді, мекеме базасында дуалды оқыту жүргізіледі. Олардың қатарында «Нұр Строй ЛТД» ЖШС, «Максима Логистикс Казахстан» ЖШС, «Қызылорда Автобус Паркі» ЖШС, «Қыран» ЖШС,  «Энергосервис» ЕЖШС, «Компания Газ Строй» ЖШС бар. 

Қазіргі уақытта елімізде техникалық мамандықтар бойынша мамандар даярлау ісіне айрықша көңіл бөлініп отыр. СондықтанҚызылорда Болашақ университеті, «Инжиниринг және логистика» кафедрасының жоғарыда аталған білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлау жұмысының маңызы зор.

«Инжиниринг және логистика» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Байтасов Камалбек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!