Педагогтер Түркістан облысындағы барлық мұғалім осындай проблемаға тап болғанын айтады. Ұстаздар қауымы Білім министрлігіне, прокуратураға және облысқа жүгінген, бірақ одан нәтиже болмапты. Күні кеше облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасы өз атауын білім департаментіне ауыстырып жатқаны белгілі болды. Осыған байланысты көптеген құжат пен мөрді өзгертуге тура келген. Осыдан кейін ғана қазынашылық мұғалімдердің шоттарына ақша аудару үшін код бере алды екен, – деп жазады Otyrar.kz.
«Кеше бізге жалақы төлеуге рұқсат беретін код келді. Біздің қарамағымызда 23 мектеп бар, ауыл мектептері жалақы алып үлгерді, өйткені олардың бухгалтериясы орталықтандырылған. Жан басына қаржыландыру бойынша жұмыс істейтін мектептер сәл кейінірек алады», – деді Кентау қаласы білім бөлімінің әдіскері Ғазиза Қалымбетова.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!