Бұл ақпаратты облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы растады.

Түркістан облысында 500-ге жуық мұғалім санат көтеру сертификатын сатып алды деген күдікке ілінді. Қазір ол сертификаттарды құзырлы органдар тексеріп жатыр.

Әлеуметтік желілердегі санат көтеруге арналған сертификаттардың сатылатындығы туралы ақпаратты облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы растап отыр.

Өкінішке қарай, сондай фактілер анықталды. Біз барынша ашықтық саясатын ұстанып отырмыз. Әлеуметтік желіде болып жатқан мәселелерді жіті қадағалаймыз, – деді ол.

Айтуынша, ресми түрде тергеу амалдарын жүргізу үшін сол сертификаттардың барлығы құзыретті органдарға жолданған. Енді бар үміт соларда.

«Ондай адамдардың жалған диплом, жалған сертификаттармен білім ошақтарында жұмыс істеуіне моралдық құқығы жоқ деп есептеймін», – дейді Дінислам Болатханұлы.

semeytany.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!