Министрлік бүкіл желіде тараған атышулы суреттен кейін жұмысқа кірісті.
«Бұл ретте министрлік коммуникация саласында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын әзірледі. Осы жоба аясында 3 мыңнан астам ауылды талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Олардың қатарында Аққұм ауылы да бар», – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Аққұм ауылының мұғалімдері электронды журналды толтыру үшін тауға шығуға мәжбүр болғандарын хабарлаған болатынбыз. Тіпті мектеп оқушылары информатика сабағын теориялық түрде ғана оқып жүрген екен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!