Фото: Pixabay

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев педагогтердің білімін бағалаудың мерзімі бекітілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу мерзімдері мен біліктілік санаттарын беру, растау рәсімдері биыл 17 сәуір мен 1 қыркүйек аралығында өтеді деп бекітілді. Осылайша аттестаттау қағидалары мен шарттарына енгізілген өзгерістерге сәйкес педагогтердің білімін бағалау, яғни тестілеу жүргізу биыл 18 сәуір мен 13 мамыр аралығында өтеді, – деді комитет басшысы.

Оның сөзінше, 17 сәуірден бастап Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында онлайн тіркелу ашылады. Биыл аттестаттау мерзімі келген барлық мұғалім еркін тіркеле алады, деп жазады BAQ.KZ.

Тестілеу өңірлердегі тестілеу өткізу пунктерінде аптаның алты күнінде үздіксіз өтеді. Осылайша барлық педагогке тестілеуден өтуге жағдай жасалып отыр. Бірінші рет тестілеу тегін, ал екінші рет ақылы негізде өтеді, – деп айтты Қаныбек Жұмашев.

Комитет төрағасы атап өткендей, су тасқыны салдарынан табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілген өңірлердің педагогтер үшін тестілеу мерзімі тамыз айына ауыстырылды. Ал тұрғын үйінен айырылған педагогтердің аттестаттау кезеңі бір күнтізбелік жылға шегерілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!