Ол білім жүйесіндегі 3 бағытты қолға алу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы «QazBilim» жобаларының негізін қалаушы, тіл жанашыры Аятжан Ахметжанұлы «Желмая» жобасында айтты.
«Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» дейтін Абайдың сөзі бар ғой. Мұғалімдерге қатыстысын алсақ, олардың жалақысы көтерілді, заң біршама реттелді. Мұғалімдердің жағдайы жақсарды. Енді талап болуы керек. Мұғалім – басқа саланың маманы емес. Ол – ұлттың болашағын қалыптастырушы. Жалпы білім саласына реформа жасамай, елді дамыту мүмкін емес. Реформа – кішігірім соғыс. Соғыста мықты қару-жарақ пен жақсы әскер керек. Үшіншіден, оларды жақсы ұйымдастыру керек. Білім жүйесінде де солай, – деді ол.
Аятжан Ахметжанұлының айтуынша, ол үшін 3 мәселені нақты реттеу керек.
Ол – мектептердің материалдық жағдайы. Үшауысымды, апаттық мектептердің мәселесін шешетін уақыт болды. Екіншіден, мұғалімдердің біліктілігін арттыру керек, шамасы келмегендерді жіберу керек. Үшіншіден, мектеп директорларының білім сапасын арттыру керек. Оларға қатысты дүниелерді реттеу керек. Олардың жалақысы мұғалімдердікінен аз болады, – деді Ахметжанұлы.
Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/mugalimderdin-zhagdayy-zhaqsardy-endi-talap-qoyu-kerek-ahmetzhanuly-284437/
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!