Өндіріспен байланысты нығайту мақсатында қала мектептеріндегі ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған халықаралық “The 21st century Teaching” тақырыбындағы семинар ұйымдастырылды. Шараны «Шетел тілдері және аударма» БББ өткізді.
Семинарда шетелдік профессорлар өз тәжірибелерімен бөлісті.
Fullbright бағдарламасының степендианты Кубас Анна “The use of authentic materials in teaching English language ” тақырыбында жаңа ақпараттар ұсынып, қатысушылармен пікір алмасты.
Ал, Канададағы Лейкхед университетінің қауымдастырылған профессоры, философия докторы Агбо Сет “Global changes and education”, “The knowledge age and teaching and learning”, “Howard Gardner’s Multiple intelligences”, “ Translanguaging as a pedagogical strategy for teaching English as a foreign language in the 21st century” тақырыптарында талқылау жүргізді.
Семинарда университеттегі «Корей тілі» орталығының оқытушылары Ким Ёнг Бом, Ким Джинкюн білім алушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру бойынша жаңашыл идеяларын ұсынды.
Форсайт сессияда «Мұғалімдер арасында ағылшын тілінің бүгіні мен ертеңін қалай елестетесіз?» тақырыбында топтық жұмыс ұйымдастырылды. Әр топ тақырып аясында ұтқыр ойлары мен идеяларын ортаға салып, постер қорғады. Топ мүшелерініің шығармашылық, ізденімпаздық ерекшеліктерін ескере отырып, әділқазылар алқасы жүлделі орындарды анықтады.
Жеңімпаздарға сертификат табысталып, университтеттің құрылу тарихы, түлектер туралы кітаптар сыйға тартылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!