Білім бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова оқу жылының аяқталуына орай мұғалімдерге берілетін сыйлықтар туралы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды «Адырна» порталы.

«Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне сыйлық ретінде қаражат жинауға тыйым салынады. Не беруге болады, нені беруге болмайды?» – деп сұрады журналист Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сұраққа жауап бере отырып, Каринова сыйлықтарға ресми тыйым салынғанын еске салды.

«Біз білім беру ұйымдарына мектеп пен мұғалімдерге сыйлық беруге тыйым салынғанын ресми түрде айтып, хабардар еттік. Кез келген сыйлыққа тыйым салынады», – деді Шолпан Каринова.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын.

Заңда мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлықтар, материалдық сыйақылар мен қызметтер көрсетуге толық тыйым салынды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 12-бабының және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабының мазмұнына сүйене отырып, сыйлық беру себебіне (мереке, туған күн) қарамастан, сыйлықтың түріне, санына, құндылығына және басқа да белгілеріне қарамастан (мысалы, кәмпиттер, кәдесыйлар) кез келген сыйлық беруге тыйым салынады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!