Білім беру ұйымдарында мұғалімдер тек мемлекеттік білім беру стандарты мен бекітілген бағдарламалар аясында сабақ өткізуге міндетті.
Әлеуметтік желіде Алматыдағы мектептердің бірінде мұғалім дінді насихаттап, сабақ өткізгені жайында видео тарады. Бейнежазбаға байланысты қалалық білім басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан мұғалім оқушылардан “дініңіз, кітабыңыз, мұсылманбысыз, пайғамбарыңыз кім?” деген сияқты сұрақтар қойып жатқанын көруге болады.
Алматы қаласы Білім басқармасы видеоролик қала мектептерінің бірінде түсірілгенін мәлімдеді.
«Қазақстан — зайырлы мемлекет, ал мектеп – зайырлы оқу орны. Білім беру ұйымдарында мұғалімдер тек мемлекеттік білім беру стандарты мен бекітілген бағдарламалар аясында сабақ өткізуге міндетті. Басқа іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімге шара қолданылады»,- деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!