2023 жылғы негізгі ҰБТ-ның екінші аптасы аяқталды. Ұлттық тестілеу орталығы аралық қорытынды мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дерекке сай, негізгі ҰБТ басталғаннан бері 86 мыңнан астам адам тест тапсырды. Оның ішінде:- 74%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 84 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті;- шекті балды 78%-ға жуық талапкер жинады;- орташа балл – 70 балл;- ерекше білім беру қажеттілігі бар 230 бала қатысты;- ең жоғары балл – 137.Тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 92 талапкер айырылды.Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 74 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.Айта кетейік, 2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.Естеріңізге сала кетейік, талапкерлер ҰБТ аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат апелляцияның шешімінен кейін тестіленушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!