Бүгін «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығының мүшесі С.З. Балмаханова «Дефектология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне «Баланың сөйлеуін дамытудың нейропсихологиялық негіздері» тақырыбында баяндама оқыды.

Баланың сөйлеу тілі дамуының нейропсихологиялық негіздерін зерттеу ми қызметі мен сөйлеу дағдыларын меңгеру арасындағы күрделі байланыстарды зерделеуді қамтиды. Осы көп қырлы зерттеу когнитивті процестерден неврологиялық тетіктерге дейінгі аспектілерді дәйектейді. Баланың сөйлеуін дамытудың нейропсихологиялық негіздерін тұтастай зерттеу нейробиология, психология, лингвистика және пеедагогика біріктіретін пәнаралық тәсілді қажет етеді. Бұл тәсіл біздің теориялық түсінігімізді кеңейтіп қана қоймай, білім беру тәжірибесіне оң әсер етеді.

Баяндамашы сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалардың психикалық қасиеттерін диагностикалау және дамыту жұмыстарының түрлерімен таныстырды. Қазірге кезде мектепке дейінгі мекемелердегі балаларда «жалпы сөйлеу тілінің дамымауы» диагнозы көбеюіне байланысты, баламен кешенді түрде жұмыс жүргізу қажеттілігі айтылды. Іс-шара барысында нейропсихологияның түрлері, нейропсихологияның «Шульте кестесі», «Кристальды пирамида», «Графикалық диктант» және т.б. жаттығуларын орындау ережелері таныстырылды. Біздің ойымызша, алдағы уақытта нейропсихологияны дамыту әдістері студенттердің практика барысында қолдануына ықпалын тигізеді.

Әлеуметтік мәселелерді психологиялық

және дефектологиялық зерттеу орталығы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!