Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Айшани Даттатрея халықаралық музыка және би байқау-фестивалінде бірінші орынды жеңіп алды.

Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Кувета, Үндістан және басқа елдердің шығармашылық ұжымдары мен солистері Таяу Шығыстың ең жарқын мегаполисі – Дубайда бас қосты.«Вокалдық өнер» номинациясында Айшанимен бірге 50 өнерлі жас жүлделі орындарға таласты.

Сырбойылық ару танымал «Голос. Дети» шоуының жеңімпазы Алиса Кожикина мен американдық әнші Адам Ламберттің репертуарындағы әндерді шырқады. Музыка және би өнерінің кәсіби мамандарынан құралған әділ-қазылар Айшанидің талантына тәнті болып, бірінші орынға лайықты деп таныды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!