Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Айшани Даттатрея Дубайда өткен халықаралық музыка және би байқау-фестивалінде бірінші орынды жеңіп алды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында БАҚ өкілдеріне конкурс барысын баяндады.

«Музыка әлеміне қызығушылығым 5 жасымнан басталды. Содан бері алты тілде ән орындаймын. Дубайда өткен байқау 9 бен 15 жас аралығындағы жасөсірімдер арасында өтті. Мен қазақ халқының әндерін орындағанды ұнатамын. Сол арқылы өзіме шабыт сыйлаймын. Осы орайда ұстаздарыма және барша қолдау білдірген жандарға алғысым шексіз», – деді Айшани Даттатрея.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!