Өңірлердегі кейбір аудандарда мектеп басшылары 5 жылдан аса уақыт бойы аттестациядан өтпеген.

Бүгін таңертеңнен бері Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан облысындағы 6 ауылға барып, 7 мектептің жұмысымен танысқан. Айтуынша, өңірде әлі шешілмеген мәселелер бар екен деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Соның ішінде екі мектеп басшысының жұмысына төмен баға беруге болады. Өз құзыреттеріндегі міндеттерін орындауына және қажетті жұмысты ұйымдастыруларына қатысты мәселе бар. Сондай-ақ мектептердің біріндегі кітапханашыға «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша атқарып жатқан жұмысы үшін алғысымды айттым. Тағы екі мектепте осы жоба бойынша жұмыс тиісті деңгейде орындалып отырған жоқ, – деп жазды министр өзінің Facebook-тегі парақшасына.

Сондай-ақ мерзімі өтіп кетсе де өңірдегі кейбір аудандарда мектеп басшылары 5 жылдан аса уақыт бойы аттестаттаудан өтпеген.

Осы орайда Асхат Аймағамбетов әлі де облыстың басқа білім беру ұйымдарының жұмысымен танысатынын алға тартты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!