Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «мектепте хиджаб киюге рұқсат беріле ме, жоқ па» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Екінші рет қойылған журналистердің сұрағына Бейсембаев:

Мектеп формасымен келу керек, болды. Өйткені бұл мектеп, – деді Оқу-ағарту министрі.

Еске салайық, бұған дейін болған үкімет отырысында БАҚ өкілі Бейсембаевқа «қолдайсыз ба, қолдамайсыз ба» деп нақты сұрақ қойған еді. Алайда министр тек:

Зайырлы мемлекет болғаннан кейін зайырлы елдің заңын орындауымыз тиіс, – деп қана жауап берді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!