Оқу-ағарту министрі оқушылар арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қарапайым мысал келтірейін. Екі ата-ана жиналысқа келіп, бір-бірінің шашын жұлып, төбелесіп жатыр. Енді бала көргенін істейді. Бірінші кезекте баланы тәрбиелемес бұрын ата-ана өзін тәрбиелеуі керек. Себебі бала көргенін істейді», –  деді Ғани Бейсенбаев.

Дәл қазір Талдықорғанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Д. Малахов және оқу-ағарту министрінің қатысумен жиын өтуде. Шараға ағарту саласының барлық мамандары қатысуда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!