Оқу-ағарту министрі оқушылар арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарапайым мысал келтірейін. Екі ата-ана жиналысқа келіп, бір-бірінің шашын жұлып, төбелесіп жатыр. Енді бала көргенін істейді. Бірінші кезекте баланы тәрбиелемес бұрын ата-ана өзін тәрбиелеу керек. Себебі бала көргенін істейді»,- деді Ғани Бейсенбаев.

Дәл қазір Талдықорғанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Д. Малахов және оқу-ағарту министрінің қатысумен жиын өтуде. Шараға ағарту саласының барлық мамандары қатысуда.

Бұған дейін министрліктің ең көп заң бұзушылықпен мұғалімдерді қабылдау фактілері тіркелген аймақтарды атаған болатынбыз. Мұндай жағдай бойынша Алматы облысының Қарасай ауданы көш бастап тұр.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев «Алтын белгі» алу үшін ата-аналар түрлі заңсыз әрекетке баратынын хабарлаған болатынбыз.

Фото: nvdaily.ru

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!