Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті облыс талапкерлерінің ЖОО оқуға құжаттарын қабылдау бойынша кординатор университет ретінде биылғы жылы да Қабылдау комиссиясының жұмысын бастады.
Университет тек құжат қабылдап қана қоймай, талапкерлер үшін ең маңызды сәт 4 қала, 4 мамандықты дұрыс таңдаудың тиімді кейсін жасауға тегін кеңес береді.
Сонымен қатар, облыс орталығында кезек мәселесі туындамауы үшін және аудан талапкерлерінің жол қашықтығын ескеріп жыл сайын мемлекеттік грант конкурсына өтініштер қабылдау үшін аудандарға да өз өкілдерін жіберуді ұйымдастырып келеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!