Жақында ғана оқушы баспалдақтан құлап, жарақат алған астаналық мектептің ұстаздары мен ата-аналары директорды жұмыстан шығаруға қарсылығын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мұғалімдер мен мектеп оқушыларының ата-аналары қызметінен босатылған директорды қолдап екі жүзге жуық қол жинап үлгерді. Олар екінші сынып оқушысының баспалдақтан құлап кетуін ұжымдық, бірақ немқұрайлылықтың нәтижесі деп санайды.

«Бұл оқиға толығымен директордың кінәсі емес, Білім министрлігінің жүйелі кемшіліктері де бар. Директор енді ғана келіп тәртіп орната бастаған кезде обірден қызметінен босатылды. Біз бәріміз қарсымыз!» – деді мектеп оқушыларының бірінің әкесі.

Жұмыстан босатылған директор мектепті бір жылға жетер-жетпес басқарды. Осы уақыттың ішінде гимназияда толып жатқан проблемаларды шешіп, тәртіпті қалпына келтірді дейді ата-аналар. 

«Мектеп ауласынан қоқыс шығарылды. Қыздардың дәретханаға уайымсыз кіріп шығуы үшін арнайы күзетші қойды. Сыныптарда интерактивті тақта да жоқ еді, оларды сатып алды. Сондай-ақ ата-аналармен байланыс орнатуда ашық боЛДЫ. Мен оған кез келген уақытта еш кедергісіз бара аламын», – деді оқушының анасы.

Мектеп ғимаратының салынғанына 50 жылға жуық уақыт болды. Мұнда 1800 бала оқиды, бірақ оның сыйымдылығы екі есе. Бір нұсқа бойынша, жарақат алған екінші сынып оқушысы абайсызда қауіпті жерден түсіп кеткен болуы мүмкін, себебі үзіліс кезінде мектеп дәліздерінде балалар көп болады. Оқиғадан кейін бірден барлық баспалдақтарда қорғаныс металл құрылымдары пайда болғаны атап өтілді.

«Балалар бір топ адам келе жатып, екі бала оқушыны итеріп жібергенін айтады. Бала басымен құлап кеткен. Егер өзі сүрінсе, аяғымен немесе бүйірімен құлап кетер еді. Осыдан 5 жыл бұрын дәл сол жерде баланың аяғы сынды. Ал бұл жағдай ол кезде елеусіз қалды», – деді тағы бір оқушының анасы.

Мұғалімдер мен мектеп оқушыларының ата-аналары бұрынғы директорды қолдап қол жинады. Оның жұмысқа қайта оралуын 200-ден астам адам қолдап отыр.

«Ұжым атынан Білім басқармасы мен Білім министрлігіне хат жолдадық. 100 мұғалімнің 99-ы осы хатқа қол қойды», – деді бастауыш сынып мұғалімі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астананың №14 мектеп-гимназиясында жазатайым оқиға болып, оқушылардың бірі баспалдақтан құлағаны туралы жазған болатынбыз. Астананың білім басқармасы 25 қыркүйек күні оқушыны сыныптасы итеріп жібергенін мәлімдеді. Мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл шудан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!