«Білім министрінің мәлімдеуінше, биыл оқушылар 1-тоқсанда қашықтан білім алады» деген ақпарат жалған.

Білім және ғылым министрлігі әлеуметтік желіде тараған осы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы министрдің Telegram арнасында хабарланды.

«Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жаңа оқу жылының 1-тоқсанында қашықтан білім алады екен, бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мәлімдеді» деген жалған ақпарат тарап жатыр.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитар дәрігері қабылдайды» делінген ресми хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!