Премьер-Министр қоғамдық орындарды, мектептер мен балабақшаларды сапалы санитарлық өңдеу, сондай-ақ егу пункттерін вакцинациялауға дайындау керегін айтты.

Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді.

Санитарлық-эпидемиялық ахуал туралы Денсаулық сақтау министрі А. Цой, дәрі-дәрмектерге баға саясатын мониторингтеу жұмысы туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы С.Жұманғарин, карантин шараларының сақталуын бақылау туралы Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев, өңірлердегі жағдай туралы Атырау облысының әкімі М.Досмұхамбетов, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақов, Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов баяндады.

Коронавирус инфекциясымен жаңадан сырқаттанғандардың тәуліктік өсімі 0,4%, репродуктивтік көрсеткіші 0,9. 5 өңір жоғары және орташа деңгейде. Атап айтсақ, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары.

Келесі жылғы қаңтар-ақпан айларында инфекциямен сырқаттану деңгейінің арту қаупі бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!