Оқушылар қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2023 жылдың 6 желтоқсанында Семей қаласында ауа райының қолайсыздығына (қатты жел) байланысты 1-ші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына көшірілді», – делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті сондай-ақ күннің бұзылуына байланысты Семейде 1-9 сыныптар, Абай ауданында 1-11 сынып, Бородулиха ауданында 1-11 сынып, Бесқарағай ауданында 1-8 сыныптарда сабақ тоқтатылғанын хабарлады. Сабақ қашықтан жүргізілетін болады.

фото: Нұрболат Нұржаубай

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!