1 қыркүйектен бастап елордада арнаулы орта білім беру саласында жаңа жүйе іске қосылады. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев.
«Биыл алғаш рет колледждерде 10-11 сынып оқушыларына арналған эксперименттік білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау жүргізілді. Нәтижесінде 270 оқушы қабылданды. Олар 1,5 жылдан кейін білім туралы аттестатпен қатар жұмыс біліктілігі бар диплом алып шығады», — деді Қасымхан Сенғазиев.
Білім басқармасы басшысының мәліметінше, елордада 33 колледж бар. Онда 75 мамандық және 122 біліктілік бойынша кадр даярланады. Биыл елорда колледждерінде оқуға 11 937 өтініш тсүкен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!