Білім беру мекемелерінде тамақтануды ұйымдастыру ережелеріне бірнеше тармақ қосылмақ, деп хабарлайды Экспресс К.
Мәселен мектептерде оқушылар үйден әкелетін тамағын жей алатын орындарды жабдықтау ұсынылды. Бұдан бөлек ас мәзірін әр-алуан қылып, кеңейту үшін азық-түліктің кем дегенде 60 пайызы отандық өнім болуы керек деген тармақ алынып тасталмақ.
Сондай-ақ құжатқа мектеп асханасында жабдықтар мен тиісті жағдай болған кезде тамаққа қажет тауарларды конкурстық негізде сатып алуға болатын тармақ та қосылды. Ол үшін асхана меңгерушілерінің штаттан тыс қызметі енгізіледі.
Өзгерістермен «Ашық НҚА» порталында танысуға болады. Құжатты қоғам 25 қарашаға дейін талқылай алады.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушылары енді жыл сайын қазақ тілінен емтихан тапсыратыны туралы мәлімдеген еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!