Sputnik. Оралда 16 жастағы бозбала көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Қалалық көпбейінді балалар ауруханасына 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала жеткізілген. Бозбала есін жинамаған күйі жансақтау бөлімінде қайтыс болған.»Осы қылмысты жасады деген күдікпен 2008 жылы туған кәмелетке толмаған Н. ұсталды, қазіргі таңда сараптама жасалып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды», – дейді ведомство.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!