Сурет: pixabayОралдағы Балбөбек балабақшасында 3 жасар сәби ыстық сорпаға күйіп қалды.
Қазір істің мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Бала сол бойда ауруханаға түскен. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.
Басы, кеуде тұсы, аяқ-қолы жалпы денесінің 25 пайызын күйік шалған. Жазатайым оқиға бойынша іс қозғалды.
«Келген кезде жағдайы өте ауыр болды. Беті, алдыңғы кеуде қабырғасы, екі аяқ басы, екі саны, шатарал аймағы ІІ-ІІІ дәрежелі күйікпен келіп түсті. Қазіргі таңда науқастың жағдайы ауырлықта. Керек ем-жарақтары, шоковый жағдайдан шығу сатыларынан емін алып жатыр.»Болат Әлібаев, облыстық көпбейінді балалар ауруханасы травматология бөлімінің басшысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!