Күтуші есікті жібере салған. 

Фото: Pixabay
Павлодарда балабақшада қыздың шынашағының жартысын есік кесіп түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, балалар даладан серуендеп келе жатқанда қыз табалдырықтан аттап, есіктің жақтауын ұстаған. Сол сәтте күтуші есікті жібере салған.

Баланың оң қолындағы шынашағының жартысын есік кесіп түскен. Олар жедел жәрдем шақырып, ауруханада қызымның саусағын тігіп бергенімен, ол жазылмады, керісінше қарайып кетті. 20 қазанда ампутация жасап, жартысынан көбін алып тастады. Балабақша әкімшілігі басқа баланың терезеге шығып кетуіне байланысты күтушінің есікті жібере салғанын айтты. Олардың өзі есеңгіреп қалды, – деді әйел.

Павлодарлық әйелдің айтуынша, балабақша өкілдері тіпті кешірім де сұрамаған, камераға түсірілген бейнелерді көруге рұқсат бермеген.

Қызым саусағын тіккен кезде қатты шошыды. Сосын саусағын кесіп тастады, екі апта бойы күніне алты рет укол салды. Қазір ол саусағын таңғышсыз көрсе, байбалам салады. Балабақшада есікті ұстауға әдетте күзетшілер көмектеседі екен. Дәл сол күні есікті таспен бекітіп қоюға болатын еді, – деді қыздың анасы.

Ал полиция тергеуді бастағанын хабарлады. Павлодар қалалық білім бөлімі әйелдің өтініші қаралып, кінәлілер жазаланатынын айтты.

Мектепке дейінгі ұйым басшысы мен тәрбиешіден түсініктемелер алынып, бейнебақылау камералары қаралды. Осы фактіге жол бергені үшін балабақша меңгерушісіне қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза тағайындалады, – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!