Павлодарда колледждердің бірінде оқытушы студентті тәрбиелеу мақсатында ұрып-соққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғу туралы бейнежазба әлеуметтік желілерде таралды. Ер адам кабинетте студенттің жамбасын таяқша тәрізді затпен бірнеше рет ұрған.
Павлодар облысының білім басқармасы оқиға Павлодар монтаж колледжінде орын алғанын мәлімдеді.
«Баланы ұрып-соққан мұғалім жауапкершілікке тартылып, жазаланды. Атап айтқанда, оқытушының іс-әрекеттері педагогикалық этика кеңесінің отырысында қаралды. Оқытушы кінәлі деп танылып, бүгінгі күні жұмыстан босатылды», – деп түсіндірді Павлодар облысының білім басқармасы.
Колледж әкімшілігі мұғалім жасөспірім мен оның ата-анасынан кешірім сұрағанын атап өтті. Екі тарап ымыраға келген.
«Білім беру мекемелері балаларды қауіпсіз және сенімді орын болуы керек. Балалардың білім алу және қауіпсіздік құқығы кез келген қоғамда ең жоғары басымдыққа ие. Мұғалімнің бұл мінез-құлқы барлық көрсетілген нормаларға қайшы келеді. Қазіргі уақытта мұндай мінез-құлыққа жол берген мұғалім жұмыстан шығарылды», – деп мәлімдеді оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті білім беру мекемелерінде балалардың құқықтары мен қауіпсіздігінің сақталуын қадағалайтынын және олардың мүдделерін қорғау бойынша шаралар қабылдайтынын түсіндірді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!