Павлодар облысында ауыл әкімі жұмыс орнында алкогольді ішімдік ішкені үшін қызметінен қуылды. Жұмыстан шығару туралы шешімді Екібастұз әкімі Аян Бейсекин қабылдады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Әлкей Марғұлан ауылының әкімі Бауыржан Бозтаевты жұмыс орнында ішімдік ішкені үшін қызметінен босату ұсынылған еді.
«Этика кеңесінің ұсынысымен Әлкей Марғұлан ауылының әкімі Бауыржан Бозтаев лауазымынан босату түріндегі тәртіптік жазаға тартылды», – делінген Екібастұз әкімдігінің хабарламасында.
Айта кетейік, ауыл тұрғындары өздері сайлаған әкімге қатысты қызметінен босатудан басқа кез келген жаза тағайындауды сұраған еді. Екібастұз әкімдігінің баспасөз қызметі бұл өтініштің назарға алынбағанын мәлімдеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!