Павлодарда өткен аптада Н.Назарбаев даңғылы бойындағы 204-үйдің сегізінші қабатынан құлап кеткен 2007 жылы туған жасөспірім қайтыс болды. Бұл жөнінде Zakon.kz тілшісіне Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Дәрігерлер қыз бала көп жарақат алғанын айтты: сүйектері, омыртқасы сынған, жұлынына, ішкі ағзаларына зақым келген.
2022 жылғы 22 желтоқсанда Павлодарда 15 жасар қыз сегізінші қабаттан құлап кетті. Жасөспірім дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Полицейлер бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексiнің 105-бабының 3-бөлігімен ( «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу») сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
23 желтоқсан күні Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы оқушы қыздың жағдайы ауыр екенін, комада жатқанын мәлім етті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!