Павлодарда мұғалім дене шынықтыру сабағы кезінде талмасы ұстап қалған баланы дәрігерлердің телефон арқылы берген кеңестерінің арқасында аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Облыста «қоңырауды ұстап тұру» технологиясы 4 жылдан бері қолданылып келеді екен. 

«Жедел жәрдем қызметіне 14 жастағы жасөспірімнің талмасы ұстағаны туралы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі хабарласты. Бригада мекенжайға жеткенше диспетчер алғашқы сәтте балаға қалай көмек көрсету керегі туралы мұғалімге кеңес беріп отырды», – дейді Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ольга Вербовая. 

2023 жылдың басынан бері Павлодар облысында телефон арқылы 4 мыңға жуық кеңес берілген. Кейде 103 диспетчерлері телефон арқылы әйелдерді босандырады екен. Биыл осындай 9 жағдай тіркелген. Оның үшеуінде баланы телефон арқылы берілген кеңестің көмегімен дүниеге әкелген. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!